«Алиса» дауыстық көмекшісі енді қазақша сөйлейді

8 Қыркүйек 2023, 09:54 1702

«Яндекс» компаниясы Қазақстанда виртуалды көмекшінің қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Яндекстің» іздей және жарнамалық технологиялар бизнес тобының басшысы Дмитрий Масюктің сөзіне қарағанда, компания «Алиса» дауыстық көмекшісіне 2023 жылдың соңына дейін қазақ тілін қосады.

Алиса қолданушыларға қазақ тілінде жауап береді. Оны Яндекстің мобильді қосымшалары мен «Яндекс Браузерде» қолдануға болады.

Компаниядағылардың айтуынша, іздеу, карта және бағыт-бағдар, такси және ас жеткізу қазірдің өзінде қазақ тілінде жұмыс істейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: