09.10.2025
22:06
416
Әлімханұлы мен Лара жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды

Әлімханұлы мен Лара жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойды

Орта салмақта WBO, IBF және WBA белбеулері үшін өтетін біріктіру жекпе-жегі алдағы күндері ресми түрде жариялануы тиіс. Қазір ұйымдастырушылар 42 жастағы Эрисланди Лараның жауабын күтіп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жәнібектің өкілі Берік Сұлтан бұл жаңалықты былай деп жеткізді:

Біз барлық қазақстандықтар асыға күткен тарихи жекпе-жекке келісімшартқа қол қойдық. Бұл айқас орта салмақты дүр сілкіндіреді!

Алдағы күндері промоутерлік компаниялар ресми хабарландыру жасайды. Бізді керемет шоу күтіп тұр.

Негізгі мақсатымыз — барлық төрт белбеуді біріктіру. Біз сол арманға қарай жарты жолды артқа тастадық. Бұйыртса, тарих жасаймыз. Еңбегіміздің жемісін көруге аз қалды.

Бұған дейін BoxingScene сайты бұл жекпе-жектің 6 желтоқсанда Техас штатының Сан-Антонио қаласында өтетін бокс кешінде ұйымдастырылатынын хабарлаған. Сол кештің басты айқасы - бірінші жартылай жеңіл салмақтағы Ламонт Роуч пен Исаак «Питбуль» Крусарасындағы кездесу.

Шараны Premier Boxing Champions (PBC) компаниясы ұйымдастырады - бұл Лараның промоутерлері. Ал Жәнібек алғаш рет басқа промоушенде өнер көрсетеді, себебі оның Top Rank компаниясының ESPN-пен келісімшарты шілдеде аяқталған, сондықтан бұл арнада қазір бокс көрсетілмейді.