Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барады

10 Тамыз 2023, 09:24 1197

Бейсенбі, 10 тамызда, премьер-министр Әлихан Смайылов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Хромтау ауданында Үкімет басшысы «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырының жаңа желісін салу барысымен, «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» автожолының жағдайымен танысады.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министр бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысанды да аралайды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов шығармашыл жастармен кездесу өткізіп, облысты одан әрі дамыту жоспарларымен танысады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: