Әлихан Смайылов Жамбыл облысына барды

5 Қыркүйек 2023, 12:08 662

Премьер-министрі Әлихан Смайылов Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысу үшін Тараз қаласына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңір әкімі лауазымына Нұрбол Жүнісбеков және Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасын қарауға ұсыну туралы хатын оқыды.

Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес 142 депутат Ербол Қарашөкеевтің кандидатурасын қолдады. 47 депутат Н. Жүнісбековті қолдап дауыс берді. Дауыс беруге барлығы 189 депутат қатысты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: