Әлихан Смайылов цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

10 Желтоқсан 2022, 11:20 1508

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы мәлімдеді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Президент жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында интернет сапасын жақсарту, байланыс инфрақұрылымын және жаңа цифрлық өнімдерді дамыту жоспарлары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдар бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту/төсеу/монтаждау, сондай-ақ 5G желілерін енгізу бойынша кең ауқымды жұмыстар қарастырылған 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасын әзірлеу барысы туралы баяндады.

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеуге және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың жыл сайынғы тізімдемесін жүргізуге мүмкіндік беретін «VET-Mobile» мобильді қосымшасын енгізу мәселесі қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтың хабарлауынша, бұл қосымша ветеринар дәрігерлердің жұмысын едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді және ол интернетсіз жұмыс істей алады, бұл шалғайдағы елді мекендер үшін аса маңызды.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар екі мақсатта қолданылатын бағаналар жүйесін дамыту үшін қалалық коммуникациялық инфрақұрылымды (жарнама тақталары, шам бағаналары) пайдалану жөніндегі ұсынысты талқылады. Осы смарт-бағандар құрылысы халық тығыз орналасқан қалалық аудандарда интернет пен байланыс сапасын жақсартуға ықпал ететін болады.

EL.KZ
Бөлісу: