Тегеранда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисидің кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазір екі елдің үкіметтері жоғары деңгейде алға қойылған міндеттерді нақты жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы жыл екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығымыздың жоғары нәтижемен ерекшеленетініне сенімдімін, - деді премьер-министр.