Әлихан Смайылов қымбатшылыққа қатысты тапсырма берді

25 Сәуір 2023, 11:19 939

Бір апта ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайзыға өскен. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол осыған қатысты сауда және интеграция министріне тапсырма берді. Жыл соңына дейін инфляцияны екі есе төмендету керек деді. Сол себепті мемлекеттік органның әрбір жауапты басшысы кешенді жоспардың іс-шараларын орындауға бар күш-жігерін салу қажет екендігін атап өтті.

Жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру. Дегенемен, азық-түлік инфляциясы кейбір әкімдіктердің тиімсіз жұмысын көрсетіп отыр. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,1 пайызға өскен. Оның ішінде Ақтөбе, Семей, Өскемен, Қызылорда да 0,2 пайыздан жоғары. Осыған орай бағаны қадағалауды тапсырамын, - деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы үстеме бағалардың тиісті 15 пайыздық мөлшерден асып кетпеуін қадағалауды тапсырды. Әкімдіктерде бұл үшін барлық мүмкіндіктер барын айтты.

Біз ішкі нарықтағы  отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуға күш салуымыз қажет. Сонымен қатар, тауарларды сақтау және тасымалдау ісіне қолдау көрсетуге тиіспіз. Халық қабылданып жатқан шаралардың нақты нәтижесін көруі керек, - деді премьер-министр.  

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: