Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарларымен кездесті

27 Қазан 2022, 19:16 1609

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасарлары Жамшид Ходжаевпен және Журабек Мырзамахмудовпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Әлихан Смайылов Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі негізгі сауда-экономикалық әріптесі болып табылатынын атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы шамамен 33%-ға өсті. Биыл да оң динамика сақталып отыр.

Сондай-ақ, Премьер-Министр мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан-Өзбекстан Үкіметаралық комиссиясы мен Өңіраралық ынтымақтастық форумы елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

Жамшид Ходжаев атап өткендей, Қазақстан Өзбекстан үшін стратегиялық серіктес болып табылады, сондықтан ел басшылығы кешенді өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын.

«Кооперация қарқынын арттыруымыз керек. Егер стратегиялық кооперациялық жобаларымыз көп болса, бұл бизнесті дамытуға және саудадағы кедергілерді жоюға серпін береді. Жалпы, өзара тауар айналымын ұлғайту бағытында жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Жамшид Ходжаев.

Бөлісу: