07.11.2022
17:37
1540
Әлихан Смайылов климат жөніндегі дүниежүзілік саммитке қатысады

Әлихан Смайылов климат жөніндегі дүниежүзілік саммитке қатысады

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитіне қатысу үшін Шарм-эш-Шейх қаласына барды, деп хабарлайды El.kz

Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің жұмысына 120-дан астам елдің өкілдері қатысады. Мемлекет және үкімет басшылары климаттың өзгеруінің ең өзекті мәселелері бойынша өз елдерінің көзқарасын білдіретін «ұлттық үндеу» жасайды.

Саммит аясында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп күтілуде.