Әлихан Смайылов Дохада экономикалық форумға қатысып жатыр

23 Мамыр 2023, 14:25 530

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Доха қаласында өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумына қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы іс-шара жаһандық экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда, дамушы нарықтарға инвестиция салу, жаңа энергетикаға көшу, сауда мен жұмысқа жасанды интеллектіні, блокчейн және басқа да технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Форумға шет мемлекеттер мен үкіметтердің, әлемдік ірі корпорациялардың басшылары, жаһандық инвесторлар, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылар мен танымал журналистер қатысып жатыр.

Іс-шара аясында Әлихан Смайылов Қатар әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәнимен және премьер-министр – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен кездесулер өткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар ірі компаниялар мен қаржы ұйымдарының басшыларымен келіссөздер жоспарланған.

EL.KZ
Бөлісу: