07.03.2023
11:36
1394
Әлихан Смайылов әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтады

Әлихан Смайылов әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысының алдында әйел – журналистер мен министрлерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Үкімет басшысы олар өздерінің кәсіби қызметі аясында  Қазақстанның дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

Премьер-Министр Халықаралық әйелдер күні қарсаңында оларға денсаулық, амандық және бақыт тіледі.