Әлі 14 жаңа стадион саламыз - министр

Әлі 14 жаңа стадион саламыз - министр

Қазақстанда 1 694 жаңа футбол алаңына сұраныс бар. Бұл туралы Үкімет отырысында Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Министрдің айтуынша, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, облыс орталықтарында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа стадиондар салу және ескілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Жоспарланған және іске асырылған жобалар:

  • Қызылорда қаласында 11 мың көрерменге арналған заманауи стадион пайдалануға берілді. Жаңа стадион UEFA талаптарына сәйкес жабынмен жабылған.
  • Астанада 3 600 орындық стадионның құрылысы жүріп жатыр. Жоба 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқталуы жоспарланған.
  • Қазіргі таңда 14 жаңа стадион салу қажеттігі туындап отыр. Олардың 10-ы бойынша жобалау-сметалық құжаттар дайын.

Сонымен қатар министр барлық өңірлерде ескірген стадиондарды жаңарту қажеттілігін атап өтті:

  • Қарағанды және Орал қалаларында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
  • Атырау және Ақтау қалаларында жобалау құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алған.
  • Өскемендегі стадион жобасы сараптамадан өтіп жатыр.
  • Алматы мен Жезқазған қалаларында екі стадионға жобалау құжаттарын әзірлеу қажет.

Қазіргі таңда елімізде 7 432 футбол алаңы бар, оның 1 420-сы жөндеуді қажет етеді. Қосымша қажеттілік – 1 694 алаң. Осыған орай министрлік балалар футбол алаңдарын салу бағдарламасын бекітті. Жергілікті бюджет пен жеке инвестициялар есебінен 685 жоба іске асырылуда