Алғысымыз шексіз! Өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтты

1 Наурыз, 16:18 3264

Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.Бұл елдегі тыныштық пен ынтымақтың, қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен ыстық ықыласын білдіреді. Осы ретте бірнеше ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: