28.02.2023
18:44
3096
Алғыс айту күніне орай әлеуметтік желіде акциясы басталды

Алғыс айту күніне орай әлеуметтік желіде акциясы басталды

Елімізде 1 наурыз Алғыс айту күні ретінде тойланып келеді. Аталған мерекеге орай әлеуметтік желіде Алғыс айту акциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Науқанға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін сағат 12:00-де ең жақын адамыңызға қоңырау шалып, "Алғыс" айтуыңыз керек.

"Ертең достарыңыз бен жақындарыңызға алғыс айтудың керемет мүмкіндігі. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ең қымбат адамдарыңызға қоңырау шалып, оларға бәрі үшін және сіздің өміріңізде бар болғаны үшін рахмет айтыңыз!"- дейді акция ұйымдастырушылары.