Алғаш рет Қазақстанда әртістерге арналған оңалту орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Астана Опера» театр саласында жаңа стандарттарды енгізуді жалғастыруда. Алғаш рет Қазақстанда театр жанынан әртістер мен техникалық ұжымның белсенді физикалық қозғалыстан және жарақаттардан кейін қалпына келуі үшін мамандандырылған көмек алатын оңалту кабинеті пайда болды.
Игі бастаманың іске асуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қоры қолдау көрсетті.