Alga Peterburg: Димаштың өнері арқылы Қазақстанға ғашық болдық

22 Қыркүйек 2022, 13:40 2137

Қазақ феноменінің шығармашылығы мен өмірін зерттей келе блогерлер әнші туралы білгенімен бөлісуді ұйғарған

Youtube арнасындағы «Алга Петербург» каналы контентінің 80 проценті Қазақстанға арналған. Арна авторлары, блогерлер Иван Червинский мен Александр Карельскийдің біздің елімізге ынтасының аууына Димаштың өнері әсер еткен, деп хабарлайды El.kz

Қазақ феноменінің шығармашылығы мен өмірін зерттей келе блогерлер әнші туралы білгенімен бөлісуді ұйғарған. Осылайша, 8 ғана жазылушысы бар арна араға уақыт салып 180 мың жазылушысы бар танымал ютуб-каналға айналды.  

Блогерлер Димаштан бөлек, еліміздің өзге де мәдени қайраткерлері, белсенді азаматтары, табиғаты, елдің салт-дәстүрі мен асханасы туралы да бейнематериалдар жариялап тұрады. «Себебі қазақтар трендте», – дейді арна иелері. 

Айта кетерлік, петербугтік блогерлердің әлеуметтік желідегі жазылушылары тек қазақстандықтар ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетелдіктер де жарияланған контентті қызығушылықпен тамашалайды.

Осылайша, блогер жігіттер Қазақстанды насихаттауға, шетелдіктер алдындағы имиджін қалыптастыруға ат салысып жүр десе де болады.


Бөлісу: