Әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасы бұғатталды

15 Қараша, 14:24 298

Көлік прокуратурасы әлеуметтік желілерде 50-ден астам есірткі арнасына тосқауыл қоюды қамтамасыз етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас көлік прокуратурасы құқық қорғау органдарының есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл қызметінің тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда. Әлеуметтік желілерді бақылау барысында елімізде синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналары анықталды.  

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 50-ден астам телеграмм арналары бұғатталды, - делінген хабарламада.

Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастыруда.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: