Соңғы кездері әлеуметтік желілерде «20 мың адамнан әрқайсысы 100 немесе 200 теңге аударса, мен бастапқы жарнаға жетемін» немесе «әлеуметтік эксперимент» деген мазмұндағы посттар мен видео көбейіп кетті. Көпшілік «20 мың адам × 100 теңге = 2 миллион теңге» деген қарапайым есеппен қызығады. Бірақ мұндай «халық жинағы» салық органдарының немесе банктердің назарына түсіп, шотты бұғаттауға әкелуі мүмкін бе? Бұл туралы сала мамандарынан сұрап білдік.
Қазақстан заңнамасы бойынша жеке тұлғалар бір-біріне сыйға (дария) ақша беруіне тыйым жоқ. Салық кодексіне сәйкес, басқа жеке тұлғадан тегін алынған мүлік (ақша да солардың қатарына жатады) кіріс болып саналмайды және салық салынбайды. Бірақ мұндағы негізгі мәселе – дәлелдеу жүктемесі алушының мойнында.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметті салық органдарына үш критерий бір мезгілде орындалғанда ғана береді (мемлекеттік кірістер комитеті мен жаңа Салық кодексіне сәйкес):
Егер осы үш шарт бірден орындалса, банк мәліметті салық органдарына жібереді. Алғашқы деректер 2026 жылдың бірінші тоқсаны үшін 15 сәуірге дейін келіп түседі.
Оқи отырыңыздар:
Бес тілді меңгеріп, әлемнің 20 елін аралаған сарбаз
Жасанды интеллект арқылы жасалған контентті таңбалау міндеттелді
Салық сарапшсысы Әйгерім Ақниеттің түсіндіруінше:
Бірден шот бұғатталмайды. Алдымен камералдық бақылау хабарламасы келеді. Азаматқа 30 жұмыс күні ішінде түсініктеме беру, қарсылық білдіру немесе қосымша есептілік тапсыру мүмкіндігі беріледі. Егер аударымдар кіріс ретінде танылса, 10% жеке табыс салығы салуы мүмкін, – деді ол.
Камералдық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге заң бұзушылықты өз бетінше түзетуге мүмкіндік беру. Бұл процесс азаматтың жауабына немесе қосымша есептілікке байланысты жалғасады.
Практикада таза жеке шоттар бойынша мұндай хабарламалар әлі келмеген. Дегенмен, блогерлер мен кәсіпкерлердің аударымдары бойынша тәжірибе бар: ол жерде жүйе іске қосылғанда қателіктер болды, себебі кәсіпкерлік есептілікпен жеке шоттардағы аударымдарды толық салыстырмай, анализ жасалмаған. Нәтижесінде салық органдары тарапынан көп қателіктер кетті. Ал қарапайым азаматтарға қатысты мұндай тексерулердің хабарламалары әлі тіркелмеген, – дейді Әйгерім Ақниет.
Сарапшының пікіріне сүйенсек, аталған тренд критерийлерге сай келсе, салық органдарының назарына түсуі мүмкін, бірақ шоттарды бұғаттау – соңғы шара. Азаматтарға алдымен түсініктеме беру мүмкіндігі беріледі. Егер сіз мұндай аударымдарға қатыссаңыз, сала мамандары салық ережелерін сақтауға және кәсіби кеңес алуға кеңес береді.
Салықтан бөлек, екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметі де реакция жасай алады. Егер бір шотқа көптеген адамнан ұсақ аударымдар түссе, бұл күдікті операция ретінде қаралуы мүмкін.
Сарапшы Айдар Масатбаев банк мұндай жағдайды күдікті деп танып, картаны уақытша тоқтатып немесе толық бұғаттауға құқығы барын айтады. Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деп есептейді.
Қауіп бар, бірақ бірден емес
Егер сіздің жинауыңыз үш ай қатарынан 100+ әртүрлі адамнан және жалпы 1+ млн теңге болса салық органдары назар аударады, хабарлама келеді.
Дәлелдей алсаңыз (пост, скриншот, түсініктеме) салық салынбайды, шот бұғатталмайды.
Дәлелдемесеңіз немесе кәсіпкерлік әрекет деп танылса 10% салық салынып немесе тексеру жүргізілуі мүмкін. Банк тарапынан оперативті бұғаттау қаупі де барын атап өтті.
Сондықтан мұндай трендке қатысқанда немесе бастамашы болғанда, скриншоттарды сақтап, аударымдардың сыйға екенін дәлелдеуге дайын болыңыз. Ал ең қауіпсіз жолы – мұндай жинақтарды кәсіпкерлік шот арқылы немесе заңды жолмен жүргізу.