7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстанда әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккендерге арналған несие төлеуді кейінге шегеру туралы жоба дайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Құжатта халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтар мен ТЖ салдарынан табысынан айырылған адамдар үшін несие төлеуді кейінге қалдыру қарастырылған.
Құжатта көрсетілгендей, кейінге шегеру кемінде 3 ай мерзімге беріледі. Егер азаматтың табысы төмендегені немесе төтенше жағдайдан зардап шеккені құжатпен расталса, бұл жеңілдік қосымша комиссиясыз ұсынылады.
«Шешім қабылдау кезінде борышкердің қарызды өтеуге қабілетсіздігіне себеп болған жағдайлардың сипаты ескеріледі», – делінген агенттік түсіндірмесінде.
Қоғамдық талқылау 2025 жылдың 24 шілдесіне дейін жалғасады. Қызығушылық танытқан азаматтар «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында өз ұсыныстары мен пікірлерін қалдыра алады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?