Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 тауар кіреді

22 Қыркүйек 2023, 12:00 889

Бүгінде сатып алушылардың өтініші негізінде 4 кәсіпкер азық-түлік дүкені Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заңнаманы бұзу шағын кәсіпкер субъектілеріне 6, орта кәсіпкер субъектілеріне 10, ірі кәсіпкер субъектілеріне 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда шағын кәсіпкерлерге 65, орта кәсіпкер субъектілеріне 120, ірі кәсіпкер субъектілеріне 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, - деп атап өтті департамент басшысы.

Нұрғали Егембердиевтің сөзінше, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесіне 19 тауар кірген. Олар: қант, түйіршектелген шекер, бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны, рожки, қарақұмық жармасы, ұнтақталған күріш, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, күнбағыс майы, тауық еті, сиыр еті, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% сүт, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран, сүзбе, 5-9% май, бірінші санаттағы тауық жұмыртқасы және ас тұзы.

Сондай-ақ сатушының 10 күнтізбелік күн ішінде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы шағымға жазбаша жауап беру жөніндегі міндетін орындамағаны үшін қазіргі таңда қаламызда 20 кәсіпкер ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: