Әлеуметтік кодекс жобасына өзгерістер енгізіледі

11 Қаңтар 2023, 10:31 2047

Әлеуметтік қатерлер туындаған жаңдайда біртұтас құқықтық негіз қалыптастырады

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылығына өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Жамиля Нұрманбетова баяндады.

«Әлеуметтік қызметті жаңғырту арқылы әлеуметтік сала менеджментінің тиімділігі арттыру жоспарлануда. Интернет платформалар көмегімен жұмыспен қамту ісін реттеу, жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау шаралары қолға алынуда. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін нығайту бойынша нормалар қарастырылды. Әлеуметтік кодекстің жобасы әлеуметтік заңнаманы жүйелендіре түседі», – деді ол.

Әлеуметтік қатерлер туындаған жаңдайда біртұтас құқықтық негіз қалыптастырады. Кодексті әзірлеу бірқатар заңнамалық актілерге және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізуді талап ететіндігі айтылды.

«Осыған байланысты үш ілеспе заң жобасы әзірленді. Әлеуметтік мәдени даму комитетінде аталған заң жобалары жұмысқа қабылдауға және олар бойынша қорытындылар әзірлеуге дайын», – деді төрайым.

Отырыста әлеуметтік кодекстің жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде қаулы жобасы қабылданып, дауыс берілді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: