Ален Делон өзінің 35 итінің жанына жерленеді

20 Тамыз, 10:06 1563

Француз актері, кинематограф аңызы Ален Делон апта ортасында өзінің жарты ғасырға жуық өмірін өткізген әрі өзінің 35 иті көмілген Души коммунасындағы үйінің ауласына жерленеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өсиет бойынша жерлеу рәсімі қатаң құпиялылық жағдайында өтеді. Рәсім актер өзі алдын ала дайындап қойған жерде ұйымдастырылады.

Дегенмен әріптестеріне арналған қоштасу рәсімі кейіннен бөлек ұйымдастырылатыны да айтылған.

Ален Делон Душидегі Брюлери сарайына 1971 жылдан бері иелік етеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: