Әлемнің ең қатыгез адамдарының нақыл сөздері

24 Мамыр 2018, 17:39 11392

Асыра қатегіздіктің астарында көрегенділік бола ма?

Диктаторлар, қаскүнемдер мен қатыгез билеушілердің атын оқысақ болды, тұла бойымыз тітіркеніп қоя беретіні бар. Олардың көбісі көзі ашық, оқыған адамдар болғанын біле бермейміз. Біз бүгінгі мақаламызда тарихта «жауыздығымен» есімдері қалған «зұлымдық символдарының» нақыл сөздерін мысалға келтірмекпіз.

Луций Корнелий Сулла

Бірінші ескекші болу керек, сосын рөлді өз қолыңа алуға болады.

Сулла тарихқа мейірімсіз диктатор, қатал проскрипиялардың ұйымдастырушысы ретінде атын қалдырды. Бірақ ол өз мансабын квестор, яғни парламенттің әкімшілік-шаруашылық бөлігін жүргізетін лауазымды адам ретінде бастаған. Оның сөзінше, егер жақсы басқарушы болғың келсе, өз командаңның спецификасын жақсы түсіну керек. Ондай адам жоғары лауазымға жету үшін ескекшіден бастағаны дұрыс деп есептейді. Сөзінде жан бар сияқты ма, қалай?

Атилла

Біреудің шешімін сынау, өз шешіміңді қорғаумен салыстырғанда батылдықты аз талап етеді.

Ғұндардың көсемі, өз ағасын өлтіріп, жарты Еуропаны билеген Атилла расымен де дұрыс айтады. Өзің бірнәрсеге қол жеткізіп, құрап, жасағаннан, біреуді сынау – ең жеңіл нәрсе. Біздің кей жасап жүрген әрекетіміз көп адамдарға ұнамауы мүмкін, бірақ олардың сыни пікіріне бас ауыртудың қажеті жоқ.

Бенито Муссолини

Жүз жыл қойдың өмірін сүргенше, бір күн арыстан болып күн кешкен артық.

Фашизмдегі ерекше тұлғалардың бірі өмірінің соңын Меццегр ауылында өткізгенге дейін, расымен арыстан болып өмір сүрді. Итальян диктаторының ұстанымы бәрімізді жігерлендіруге тиіс. Көптің бірі болмай, табиғат патшасындай ғұмыр кешуге ұмтылу керек.

Адольф Гитлер

Өз жолыңды таңдадың ба, соңына дейін бар.

Гитлер өзіне қол салғанға дейін, таңдаған жолымен жүрді. Бірде бір рет одан айну туралы ойламаған да болар. Қазіргі кезде бізге жетіспейтіні өз идеямызға деген тұрақтылық. Оның жолында кездесетін кедергілерге шыдамай, бірден айнып шыға келеміз. Соңына дейін жеткізуге күшіміз емес, ойымыздағы қорқынышымыз мүмкіндік бермейтіндей. Ондай сәтте атақты Гитлердің осы бір сөзін есімізге түсірейік.

 

Наполеон Бонапарт

«Мүмкін емес» деген сөз – ақымақтардың сөздігінен.

Осы ұстаныммен өмір сүрген Бонапарт  жүздеген әскери жеңістерге жетіп, өз атын мойындатқан адам. Ресей жеріне келгенше, ол үшін «мүмкін емес» нәрсе болмаған. Француз қолбасшысының ұстанымын кез келген қиын сәтте есіңізге алыңыз.

Оливер Кромвель

Үздік болуға ұмтылысын қоятын адамдар, жақсы болудан қалады.

Кемелдікке ұмтылу – табыстың бір кілті. Қазір перфекционизм адамдарды бақытсыздыққа ұшыратады деп жатады, бірақ ол дамуға итермелейтін бір күш емес пе? Бірақ, «бәрінен озық болу» деген тіркесті ағылшын революционері билікті өз қолына ұстап, 1641 жылғы Ирлан көтерілісіндегі «тыңдамаған» халықты жауыздықпен басу деп түсінген сияқты.

Чарльз Мэнсон

Мен өзі королдігімде корольмін. Бұл корольдік жуынды төгетін шұңқыр болса да мейлі...

ХХ ғасырдағы ең танымал адам өлтіруші Чарльз Мэнсон «Отбасы» мүшелерімен бірнеше қанды қылмыстың ұйымдастырушысы болған. Өз ұстанымында қалған «қылмыскер» расымен өзі ойлағандай «король» болған да шығар... Оның айтпағы - ортаң қандай болса да, сен тек үздік бол, үздік болуға ұмтыл!

Иосиф Сталин

Білім – бұл қару. Оның пайдасын кімнің қолында болғанынан және сол қарумен кімге соққы бергісі келетіндігінен көруге болады.

Сталинді әркім әрқалай көреді, расымен де ол мықты саясаткер, үлкен мемлекетті қолында ұстаған білгір басшы болған. Ал біреулер оны мыңдаған адамның өліміне себепші болған қатігез билеуші санайды. Не десе де, Иосиф Виссарионович білім туралы өте дұрыс айтқан, себебі білім – нағыз қару. Қандай да бір «соғыста» қалай жеңіп шығу, тікелей адамның өзіне байланысты болмақ.

Джим Джонс

Адам күніне жоқ дегенде  бір рет тәуекелге баруы керек, әйтпесе ол өмірде жолы болғыш екенін білмейтін болады.

«Тәуекел түбі жел қайық, өтесің де кетесің» деген сөз бекер айтылмаса керек. Батыл шешім, тәуекелге бару көптеген соны істің бастауы болатынын жоққа шығармаймыз. «Халық шіркеуі» сектасының негізін салған Джим Джонсты тәуекелшіл емес деп айтуға ауыз бармайды. Бірақ, бұл «тәуекелі» 1978 жылы 909 адамның (оның ішінде 270-і балалар) өліміне алып келгені өкінішті.

Тед Банди

Бізге дейін өмір сүрген шексіз миллиондар да бастан осы тағдырды өткерді, өмір – бұл барлығымыздың ортақ тәжірибеміз.

Қолынан 25 адамның (кей бейресми деректерде 100-ге жуық) өмірі үзілген Теодор Бандидің тәжірибесін бөлісу артықтық болар. Бірақ, оның сөзінде шындық жатыр. Бізге дейін жер бетінде неше миллиондаған адамдар тіршілік етті. Олар да біздің кешіп жатқан күндерімізді басынан өткерді. Сол себепті, басыңызға қайғы түскенде, жақын адамыңызды жоғалтқанда немесе ауыр дертке шалдыққанда «Неге мен?» деген сұрақтан айналып өтіңіз. Ондай сәтті бастан кешіп жатқан тек сіз емес және тек сіз болған жоқсыз.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: