Әлемнің көптеген елдерінде экономиканың өсу қарқыны төмендеді

10 Наурыз 2023, 16:02 1442

Бұл туралы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аманкелді Таженов Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Украинаның айналасындағы оқиғалар қалыптасқан әлемдік тәртіпке теріс әсер етеді. Олардың салдарының бірі дәстүрлі сауда-экономикалық байланыстардың үзілуі болды. Бұл әлемнің көптеген елдеріне экономиканың өсу қарқынының төмендеуіне әкелді. Еуро аймақтағы әскери іс-қимылдар Еуропалық одақтың мүдделеріне де өз әсерін тигізді. Оның қатысушылары инфляцияның бұрын болмаған өсуіне және энергетика саласындағы күрделі мәселелерге тап болды», деді Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

Аманкелді Таженовтың айтуынша, өткен жылы халықаралық валюта қорының Еуропадағы экономикалық жағдай туралы есебінде болжамды бағалар берілген.

«Еуропа елдері 2023 жылы газ бен электр энергиясының рекордтық жоғарғы бағасына тап болады. Осы қордың мәліметтері бойынша Ресей газының экспорты 2021 жылдың ортасында қысқара бастаған кезде, 2022 жылдың соңына қарай 80%-ға төмендеді»,  деп мәлімдеді Аманкелді Таженов.

Осыған дейін Қазақстанның Еуропамен қарым-қатынасының сапасы мен сипатының ұлғайғанын хабарлаған болатынбыз.

Акжан Ибрагимова
Бөлісу: