Әлемнің бірінші ракеткасы Australian Open-нің финалына өте алмады

26 Қаңтар, 14:34 832

Мельбурнде өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Серб АТР рейтингінде төртінші орында тұрған италиялық Янник Синнерге жол берді – 6:1, 6:2, 6:7 (6:8), 6:3.

Матч 3 сағат 26 минутқа жалғасты.

Australian Open-нің финалында енді Янник Синнер Даниил Медведев (Ресей) — Александр Зверев (Германия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ерлер арасында AO-2024 финалы 28 қаңтарда өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: