Әлемге танымал топтың солисі үшінші қабаттан құлап қайтыс болды

17 Қазан, 10:36 1063

Британиялық әнші әрі One Direction тобының бұрынғы солисі Лиам Пейн Аргентинада көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 31 жастағы музыкант Буэнос-Айрестегі Casa Sur қонақүйінің үшінші қабатынан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келгенде Пейннің жүрегі тоқтап қалғанын анықтаған.

Лиам Джеймс Пейн, композитор әрі гитарист, One Direction тобының солисі, Палермо ауданындағы қонақүйдің үшіншіқабатынан құлап көз жұмды, - делінген полиция мәліметінде.

Оған дейін полицияға ер адамның өзін ерсі ұстағаны туралы хабарлама келіп түскен. Алдын ала болжам бойынша, ол алкоголь немесе есірткі қабылдаған болуы мүмкін.

Ал Аргентинаның астанасына Пейн One Direction-ның тағы бір мүшесі Найл Хоранның концертіне барған.

Аргентина билігі тергеуді бастап, оқиғаға не себеп болғанын анықтап жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: