Әлемдік сын-қатер өршіп тұр – Садыр Жапаров

8 Маусым 2023, 11:58 1168

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астана халықаралық форумында сөйлеген сөзінде әлемдік сын-қатерлердің өршіп тұрғандығын, соның аясында барлық әлемдік қоғамдастықтар осыған назар аудару қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сіздердің негізгі зейіндеріңізді мынадай бір мәселеге аударғым келеді. Мұны Қырғыз Республикасы ғана емес, өзге де мемлекеттер осындай жағдайға тап болуда. Бұл климаттың өзгеруіне төтеп беру мен алуандықты сақтап қалу. Әлем жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатыр. Сондықтан да мемлекеттер мен ұлттар арасындағы қарым-қатынас тығыз, – деп атап өтті Қырғызстан президенті.

Сондай-ақ ол Қырғызстан су ресурстарына аса мән беріп отырғанын айтты. Осы арқылы экологиялық және экономикалық мақсаттарға жетуге болатынын тілге тиек етті.

2020 жылы Қырғыз Республикасының ұлттық стратегиясы, яғни 2040 жылға дейінгі жалғасатын стратегия аясында мемлекеттік тұрғыдан суды үнемді пайдалану және сапалы сумен қамтамасыз ету, экологиялық мәселелерді шешуді алдына қойып отыр, – деді Садыр Жапаров.

Қырғызстан президенті біз ортақ өткенімізді мақтан тұтамыз, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарда көптеген ұқсастықтар бар. Көп нәрсе бізді менталитетке жақындатады. Тарих пен мәдениет - бұл біздің ортақ игілігіміз, Орталық Азия халықтарының маңызды бәсекелестік артықшылығы, деп атап өтті. 

Қырғызстан жасыл, экологиялық таза, бейтарап экономика қағидаттарын нығайтуға өз үлесін қосуға дайын. Келісілген саясат және осы бағыттағы іс-қимылдарымызды үйлестіру өңірдің жалпы тұрақтылығына әкеледі, – деді Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров. 

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: