Әлемдік нарықта креативті индустрияның ауқымы кең

21 Желтоқсан 2022, 12:43 1872

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Орта Азия елдерінің креативті индустриясына тоқталды. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Орта Азия елдерінің медиа форумында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгінгі форумда талқыланып отырған ауқымды тақырыптарды бірі – креативті экономика немесе креативті индустрия. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, кретивті индустрия әлемдік экономиканың жедел дамып келе жатқан бөлімі ретінде танылуда. Бұл сала жылына шашамен 2,3 триллон табыс әкеледі. Креативті индустрия қажетті экспорттың орташа есеппен 250 миллион долларды құрайды. ЮНЕСКО болашағы бойынша креативті индустрия секторы орта мерзімді перспиктивада әлемдік жалпы ішкі өнімнің 10 пайыздай өсуі мүмкін», - деді Алтай Көлгінов.

Орталық Азияның креативті индустриясын дамыту үшін үлкен әлеуеті бар деп есептейтінін атап өтті. Соңғы жылдары Азия елдерінің үкіметі креативті индустрияның болашағын түсіне отырып оны қарқынды дамыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Мәселен, Қазақстанда 2021 жылы креативті индустрияны дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілгенін жеткізді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы ішкі өнімінде креативті индустрияның өзі 2,67 пайызды құрады.

«Дамыған елдерде креативті индустрияның жүйелері жетік дамып, алдыңғы қатарғай қойылған. Осы тұрғыда Қазақстанның креативті индустриясын 2025 жылға дейін 5 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Осы кезді падалан отырып, әлеуметтік трансформация туралы да айта кеткім келеді. Орта Азия елдерінде сапалы және экспортты өнімді шығаруға мүмкіндігі жоғары. Сондықтан Орта Азияда креативті индустрияның үздік көрсеткіштерін көрсетуге мүмкіндігі үлкен», - деді Алтай Көлгінов.

Айтуынша, Орта Азия елдеріне ортақ креативті индустрияның негізін көруге болады. Біріншіден, біздің Орта Азияға ортақ тарихымыз бен өркениетіміз және мәдениетіміз. Екіншіден, маңызды стратегиялық факторларды іске асыруда тәжірибеге көңіл бөледі. Үшіншіден, әлемдік нарықтағы мүмкіндіктеріміз бірдей.

Сөз соңында, Орта Азиядағы бауырлас елдердің дипломатиялық қатынасына 30 жыл толуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Миражан Махан
Бөлісу: