Бірыңғай уақыт белдеуі мәселесі әлемдік география мен экономикадағы маңызды факторлардың бірі болып табылады. Әсіресе, еліміздегі уақыт белдеуінің басқарылуы әртүрлі әлеуметтік, мәдени және экономикалық салаларға әсер етеді. Қазақстанның уақыт саясатының тиімділігін арттыру мен әлемдік тәжірибені ескере отырып, бірыңғай уақыт белдеуіне көшкені бүгінгі таңда өзекті мәселелердің қатарында тұр.
Айта кетейік, елімізде 2024 жылдың 1 наурыз күні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Костанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағат артқа жылжытқаны белгілі. 19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекіткен болатын. Осылайша, Қазақстанның бүкіл аймағының аумағына 5-ші уақыт белдеуі (UTC+5) енгізілді.
Былтырғы жылы медицина, физиология, география, метрология және басқа да түрлі бағыттарды ұсынатын жұмыс тобының мүшелері Қазақстан аумағында қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеді.
Жұмыс тобының қатысушылары UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу Қазақстанның көптеген өңірлері табиғи уақытқа барынша жақын уақытты пайдаланатын ең дұрыс және оңтайлы нұсқа деген шешімге келісті.
Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені зерделеді, оның барысында бірыңғай уақыт белдеуі әлемнің 175 елінде әрекет ететіні анықталды, ал бір ғана уақыт белдеуінде небәрі 22 мемлекет тұрады.
Сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары арасындағы уақытша кедергілерді жояды, көлік және басқа да коммуникацияларды үйлестіруді жақсартады, бизнесті жүргізуге, мемлекеттік органдар мен шұғыл қызметтердің өзара іс-қимылына жағымды әсер ететінін айтты.
Бір кездері адамдар уақытты тәулікпен, аймен, тіпті жылмен өлшеген. Ал осыдан бірнеше ғасыр бұрын адамдар тәулікті таң, кеш және түн деп қана бөлген. Тиісінше кездесу уақытын да күн сәулесінің түсуіне немесе айдың жарығына қарап белгілеп отырған.
Орта ғасырларда сағат пайда болды, адамдар уақытты алдымен сағатпен, сонан соң минутпен есептеуді үйренді.
XIX ғасырда бір елдің ішіндегі қалаларды өзара байланыстыратын темір жолдар пайдалануға берілсе, сонан соң пойыздар ел мен елдің арасын жалғайтын болды. Егер әр пойыздың келу не кету уақыты сол қаладағы күннің түсуіне қарай ғана есептелетін болса, онда апаттардың болуы заңдылық.
Сондықтан XIX ғасырда әлем теориялық тұрғыда сағат белдеулеріне бөлінді. Теориялық дейтініміз, көптеген ел тұрғындары бұл туралы білген де жоқ. Олар таңның атысы, күннің батысы деп әдеттегі өмірін сүруді жалғастыра берді.
Алайда ХХ ғасырда алты құрлықтағы барлық елдің арасында теміржолдармен немесе телефон линиялары арқылы бір-бірімен байланыс орнап, әркім өз сағат белдеуі бойынша өмір сүретінін түсінді.
1918 жылғы 19 наурызда АҚШ стандартты уақыт жөнінде акт қабылдады. Бұл төрткүл дүниенің әрқайсысының ені 15 градусты құрайтын 24 сағаттық белдеуде өмір сүретінін аңғартатын құжат болатын. Бұл жағдайда күндердің ауысу сызығы 180 градус меридиан бойымен өтеді және ол құрлықты кеспейтіндей етіп етіп арнайы жасалған (Антарктидадан бөлек).
2017 жылы үш американдық ғалым Джеффри Холл, Майкл Розбаш және Майкл Янг циркадтық ритмді басқаратын молекулалық механизмдерді ашқаны үшін медицина немесе физиология саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды. Олар өсімдіктердің, жануарлардың және адамдардың биологиялық ритмнің жердегі революциялармен синхрондау үшін қалай бейімдейтінін түсіндіреді.
Нобель сыйлығының лауреаттары күнделікті қалыпты биологиялық ритмді басқаратын генді анықтады. Олар бұл геннің түнде жасушада жиналып, кейін күндіз ыдырайтын ақуызды кодтайтынын көрсетті.
Ғалымдар дәлдікпен біздің ішкі сағатымыз біздің физиологиямызды тәуліктің мүлдем басқа фазаларына бейімдейтінін анықтады. Сағат мінез-құлық, гормондардың деңгейі, ұйқы, дене температурасы және метаболизм сияқты маңызды функцияларды реттейді.
Сондай-ақ, біздің өмір салтымыз бен ішкі хронометристің арасындағы созылмалы сәйкессіздік әртүрлі аурулардың жоғары қаупімен байланысты екенін көрсететін белгілер бар.
Осыдан 100 жыл бұрын, яғни 1924 жылы дәл осы күні Әуе күштері радиосы Гринвич обсерваториясынан дәл уақыт сигналдарын жібере бастаған екен. Ал арада 5 жыл өткенде бүкіл әлем сағатын гринвич уақытына дәлдеп түзеткен.
Ең қызығы аумағы алақандай Франция 12 уақыт белдеуіне ие. Өйткені бұл елде Гринвич меридиан сызығынан алғанда 12 уақыт белдеуі бар. Бірақ француздар табиғи уақытпен жүруге құлықты емес. Себебі уақыт айырмашылығы Еуропа елдерімен экономикалық байланысқа кедергі дейді. Осы себепті сағат тілін Еуроодақ серіктестерімен сәйкес етіп, француздар ортақ стандартты сағат енгізген. Мұндай қадамға барған тағы бірнеше ел бар.
Біз мекен ететін жер шары 24 сағат белдеуіне бөлінген. Әлемдік уақыт Анлиядағы Гринвич обсерваториясына бағынады. Бұл жүйе 1883 жылы АҚШ-та қолданысқа енді.
Оған сай әр елдің уақыты географиялық жағдайына қарай меридиан сызығы бойынша белгіленген. Сағат өлшемі адамдардың өмірін жеңілдету үшін ойлап табылған, - дейді ғалымдар.
Әртүрлі уақыт белдеулерінде орналасқан тағы бір ел – Қытай. Меридиан сызығында 5 уақыт белдеуі бар. 1949 жылға дейін мұнда 5 түрлі уақыт қолданыста болған. ҚХР құрылғаннан кейін коммунистік партия бүкіл елде біртұтас уақыт орнатты. Қазір қытайлар бірыңғай стандартты «Бейжің» уақытымен жүреді. Ол Гринвич меридиан сызығынан 8 сағатқа алда. Айта кетейік, Еуропа елдерінің шамамен барлығы бір уақыт белдеуін қолданады.
Ал Гринвич уақыт белдеуіне бағынбайтын елдер – Үндістан, Непал, Иран, Ауғанстан. Олар өз ыңғайына қарап әкімшілік уақыт белдеуін қолданысқа енгізген. Бірақ ғалымдар: «белдеу сағатынан озық жүру не қалыс қалу «джетлаг» синдромына шалдықтыруы мүмкін», - дейді.
Бір сөзбен айтқанда, адамның ұйқысы қанбайды. Сосын ісі де өнбейді. Мұның сыртында обыр, диабет, қан тамырлары жүйесі ауруларын туғызады. Әсіресе қатерлі ісікке шалдығу қаупі 15%-ке артады екен. Мұны америкалық ғалымдар дәлелдеген.