Өмір сүру сапасы туралы мәліметтерді жинақтайтын Numbeo сербиялық онлайн-платформасы әр қаланың өмір сүру құнын есептеп, соған сәйкес рейтинг жасайды. Биыл қай қалаларда тұрмыс ең қымбат екені анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Индексті есептегенде ірі қалалардағы тұрғындардың күнделікті шығындары ескерілген: азық-түлік, мейрамханадағы тамақ, көлік және коммуналдық қызметтер. Негізгі көрсеткіш ретінде Нью-Йорктегі өмір сүру құны 100 балл болып белгіленген. Осыған сүйене отырып, қай қалада Нью-Йорктен қымбат не арзан екенін көруге болады.
Швейцария – өмір сүруге ең қымбат ел. Оның бірден алты қаласы Нью-Йорктен озып, көш басында тұр. Бірінші орында – Цюрих (112,5 балл). Бұған басты себеп – швейцар франкының қымбаттығы (жарияланған кезде 1 франк = 1,07 еуро) және мемлекеттік әрі жекеменшік сектордағы жоғары жалақы. Нәтижесінде күнделікті тауарлар мен қызметтердің бағасы да қымбаттайды. Сол себептен Женева, Базель, Лозанна, Лугано және Берн де ең қымбат қалалар тізімінде. Дегенмен Швейцария өмір сүру сапасы жоғары ел ретінде ерекшеленеді: мықты медицина, дамыған инфрақұрылым, мәдени өмірдің байлығы және әсем табиғат – мұнда басты артықшылық.
«Ұйықтамайтын қала» – сонымен бірге «әмиянға тыным бермейтін қала». Мұнда тұрмыс өте қымбат: мысалы, супермаркетте бір литр сүт – шамамен 2 мың теңгеге жуық, бір келі тауық еті – шамамен 7 мың теңге, ал бір қорап жұмыртқа – 3 мың теңгеден асады.
Бағаның қымбат болуына туристердің көптеп келуі және мансап құруға ұмтылған адамдардың легі әсер етеді. Өйткені бұл қалада мүмкіндіктер шынымен мол.
Исландия астанасы – шағын, бірақ қымбат қала. Себебі мұнда барлығы дерлік импортталады, тіпті көкөніс пен жеміс те Еуропадан әкелінеді. Сондықтан дүкенге бару – банк картасы үшін сынақ.
Туризмнің қарқынды дамуы да бағаларды көтерді: қонақүй, мейрамхана қымбаттап кеткен. Соған қарамастан, Рейкьявикте өмір сүргісі келетіндер саны жыл санап өсуде: мұнда халықаралық деңгейдегі музыка фестивальдері, әдеби кештер, өнер көрмелері өтеді. Ал қаланың маңында жанартау, мұздықтар, ыстық бұлақтар мен сарқырамалар бар.
Тропикалық жұмақта өмір сүрудің де өз бағасы бар. Гавай аралдарына азық-түліктен бастап құрылыс материалдарына дейін бәрі әуе немесе теңіз арқылы жеткізіледі, сондықтан баға өте жоғары. Индекс – 94,4, яғни Нью-Йорктен небәрі 5,6% арзан.
Жер аз болғандықтан, баспана да өте қымбат. Оған қоса, туристер тарапынан сұраныс жоғары.
Кремний алқабының жүрегі – мыңдаған стартап пен жүздеген миллиардердің отаны. Бірақ мұндайда қымбатшылық та қатар жүреді. Орта тап үшін ең қолайсыз қалалардың бірі саналады. Үй жалдау бағасы АҚШ-тағы көптеген мегаполистен қымбат, азық-түлік пен қызмет бағасы да жоғары, себебі сұраныс төлем қабілеті жоғары IT-мамандарынан қалыптасқан.
Бұл қала кофесімен, жауын-шашынды ауа райымен және Amazon мен Microsoft секілді алпауыттардың отанымен танымал. Сол себепті мұнда жоғары жалақы алатын мамандар көп. Ал жоғары табыс бағаларды да көтереді. Әсіресе баспана қымбат: жыл сайын жалдау ақысы мен тұрғын үй бағасы өсіп келеді.
Сингапурдың индексі – 85,3. Қала-мемлекет әрдайым ең қымбат қалалар қатарында. Себебі аумағы тар, бірақ өмір сүру деңгейі жоғары. Мұнда көлік өте қымбат: мемлекеттік шектеулер бар, ал көлік жүргізу лицензиясының өзі көліктің бағасынан қымбат болуы мүмкін. Баспана да Азиядағы ең қымбаттардың бірі, бірақ қауіпсіздік пен сапа өте жоғары.
Скандинавиядағы ең бай қалалардың бірі. Жоғары салық әлеуметтік қолдаумен өтеледі. Бірақ туристер үшін мұндағы баға ауыр соғуы мүмкін: мейрамхана, бар және қызмет түрлері басқа еуропалық қалаларға қарағанда әлдеқайда қымбат. Индекс Сингапурдан 1 баллға ғана төмен.
Кремний алқабындағы тағы бір қала. Мұнда өмір сүру құны орташа америкалық деңгейден бірнеше есе жоғары. Google, Apple және басқа да IT-алыптардың қызметкерлері осында тұрады, соның салдарынан жылжымайтын мүлік бағасы аспандап тұр. Тіпті шағын пәтерді жалдаудың өзі айына 4000 доллардан асады.
Лондон қай кезде де қымбат болған, бірақ соңғы жылдары тұрғын үй мен көлік бағасы қолжетімсіз болып барады. Әсіресе орталықтағы пәтерлерге сұраныс өте жоғары, жалдау ақысы табыстың көп бөлігін жұтып қояды.
Басты себеп – Лондонды көптеген халықаралық компаниялар қаржы орталығы ретінде таңдауы. Жаңа қызметкерлер ағылып келеді, соның кесірінен қоғамдық көліктен бастап азық-түлікке дейін бағалар қымбаттап кеткен.
Бұған дейін Дональд Трамп әлемдегі ең қауіпті қаланы атап еді.