Әлемдегі ең қымбат футбол бренді аталды

6 Маусым 2023, 18:30 907

Әлемдегі ең қымбат он футбол бренді аталды, көш басында биыл АПЛ-да чемпион атанған «Манчестер Сити» тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Англия кубогының жеңімпазы «Манчестер Ситидің» құны 13% өсіп, 1,51 миллиард еуроны құрады. Рейтингтің бұған дейінгі көшбасшысы «Реал» төрт жылда алғаш рет екінші сатыға төмендеді. Енді оның құны 1,46 млрд еуро болды. 

Үздік үштікті «Барселона» түйіндеді – 1,37 млрд еуро. Алғашқы бестікке «Манчестер Юнайтед» (1,36 млрд) пен «Ливерпуль» (1,36 млрд) енген.

Сондай-ақ ПСЖ (1,13 млрд), «Бавария» (1,1 млрд), «Арсенал» (0,91 млрд), «Тоттенхэм» (0,9 млрд) мен «Челси» (0,86 млрд) де тізімге бар.

«МанСитиді» осы аптада маңызды матчтардың бірі күтіп тұр. 10 маусым күні «қалалықтар» Чемпиондар лигасының финалында Италияның «Интер» клубымен кездеседі. Матч Ыстамбұлдың «Ататюрк Олимпьят» стадионында өтеді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: