Жақында әлемдегі ең қарт ер адам - Жуан Маринью Нету туған күнін атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұзақ ғұмыр иесі 113 жасқа толды.
Нету 1912 жылы фермер отбасында дүниеге келген және өмір бойы ауыл шаруашылығымен айналысқан. Қазір оның алты баласы, 22 немересі және 15 шөбересі бар.
Жуан Маринью Нету ұзақ өмір сүруінің сыры ретінде қарапайым өмір салтын, табиғи өнімдерден құралған жеңіл әрі өңделмеген тағам рационын, өмірге деген позитивті көзқарасын және айналасындағы жақсы адамдарды атайды.