117 жыл өмір сүрген Мария Браньяс Гиннес рекордтар кітабына әлемдегі ең қарт адам ретінде енген. Ғалымдар оның ұзақ өмір сүруінің құпиясын ашты. Бұл туралы Fox News-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Өмірден өтерінің алдында, 2024 жылдың 19 тамызында, зерттеушілер оның өмір сүру ұзақтығына әсер еткен ықтимал факторларды анықтау үшін генетикалық сынамалар алды. Нәтижесінде Браньястың биологиялық жасы хронологиялық жасынан әлдеқайда төмен екені анықталды. Ол ауыр дерттерге шалдықпаған: тек есту қабілетінде ақауы мен қозғалысында аздаған шектеу болғаны болмаса, денсаулығы мықты, ақыл-есі анық күйде болған.
Мамандар оның гендерінде онкологиялық аурулар, Альцгеймер дерті немесе зат алмасу бұзылыстарына байланысты қауіпті нұсқалар мүлде болмағанын атап өтті. Сонымен қатар, оның ағзасында Bifidobacterium бактерияларының мол қоры табылған, мұны ғалымдар йогуртты жиі тұтынумен байланыстырады. Зерттеушілер дәл осы фактор оның ұзақ ғұмыр сүруіне ықпал еткен болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бұған қоса, оның ағзасында «жаман» холестериннің деңгейі төмен, «жақсысының» көрсеткіші жоғары болған және ол өмір бойы темекі шекпей, алкоголь ішпеген.