21.08.2025
18:18
741
Әлемдегі ең қарт адам анықталды

Әлемдегі ең қарт адам анықталды

Гиннесс рекордтар кітабы Ұлыбритания тұрғыны Этель Катерхэмді әлемдегі ең қарт адам деп жариялады. Қазір оның жасы 116-да, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұған дейінгі рекорд иесі бразилиялық Ина Канабарро Лукас 116 жас 326 күн өмір сүрген еді. Ол қайтыс болған соң бұл атақ британиялық Этель Катерхэмге берілді. Бүгін ол өзінің 116 жасқа толған мерейтойын атап өтуде.

Айта кетейік, Этель Катерхэм – ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында дүниеге келген тірі қалған соңғы адам. Ол 1909 жылдың 21 тамызында туған.

116 жастағы Этель қызықты өмір сүрген. 1927 жылы небәрі 18 жасында ол үш апталық теңіз сапарына өзі аттанып, Үндістанға қоныс аударған.

Араға бірнеше күн салып, ол британ армиясында қызмет етіп, кейін полковник дәрежесіне дейін көтерілген Норман Катерхэмге тұрмысқа шықты. Ерлі-зайыптылардың екі қызы дүниеге келді - Джем және Энн.

Өкінішке қарай, Этель 1976 жылы сүйікті жары Норманнан айырылды. Сонымен қатар, оның екі қызы да өмірден өткен: Джем 2000 жылдардың басында қайтыс болса, Энн 2020 жылдың ақпанында – 82 жасында обырдан көз жұмды.