03.09.2025
09:23
793
Әлемдегі ең бақытсыз ұрпақ анықталды

Әлемдегі ең бақытсыз ұрпақ анықталды

46 ел ішінде жүргізілген зерттеу бойынша, 18 бен 24 жас аралығындағы Z буынына жататын жастар ең бақытсыз жас тобы екені анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Орта жастағы дағдарыс дегеніміз бос сөз бе?

Бұған дейін бақыт деңгейінің күрт төмендеуі 40 жаста басталады деген түсінік бар еді. Яғни орта жастағы дағдарыс ең қауіпті кезең деп саналды.

Алайда жаңа деректер бұл сөздің шындыққа жанаспайтынын көрсетті: бүгінде өзін ең әлсіз әрі қорғансыз сезінетіндер ­– дәл осы зумерлер.

Зумерлер неге бақытсыз?

Ғалымдар нақты бір себепті айқындамағанымен, бірнеше негізгі факторды атап өтті:

Психикалық проблемалардың өсуі – жастар арасында үрей мен күйзеліс кең таралған.

Оқудағы және жұмыстағы қиындықтар – сабақтан жиі қалу, жұмыстан кету жағдайлары артып отыр.

Психикалық ауытқулар қаупі – зумерлердің шамамен 48%-ы тәуекел аймағында.

Мамандар бұл көрсеткіштер қоғам үшін алаңдатарлық жағдай екенін айтады. Себебі дәл осы буын болашақтың іргесін қалауы тиіс.

Кімдер бақыттырақ?

Керісінше, 45-70 жас аралығындағы топтың жағдайы әлдеқайда жақсы.

Олардың психикалық саулығы жоғары.

Өмірге деген қанағаттануы мен тұрақтылығы айқын.

Ғалымдар мұны өмірлік тәжірибемен, берік әлеуметтік байланыстармен және ертеңгі күнге деген сенімнің күшімен түсіндіреді.