Лондон тұрғын үйді жалға алу құны бойынша әлемдегі ең қымбат қала болып шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәселен, бір бөлмелі пәтерді жалға алу айына шамамен 2,7 мың долларды құрайды. Ал қала орталығындағы пәтерді жалдау үшін 3,1 мың доллардан астам қаражат қажет.
Сингапурда пәтерді жалға алу құны небәрі бірнеше доллар ғана арзан. Ал Вашингтонда тұрғын үйді орта есеппен 2,3 мың долларға жалға алуға болады.
Амстердамда бұл көрсеткіш одан да төмен – Лондоннан 50 долларға арзан. Ирландия астанасы Дублинде бір бөлмелі пәтердің айлық жалдау ақысы шамамен 2,2 мың долларды құрайды.
Ең арзан жалға алу құны Бангладеш астанасы Даккада тіркелді. Сарапшылардың айтуынша, бұл – бір бөлмелі пәтердің орташа жалдау ақысы 100 доллардан төмен әлемдегі жалғыз астана.