Әлемде COVID-19 қайта күшейіп келе жатыр

5 Тамыз 2023, 01:02 1399

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 13-30 шілде аралығында әлемде миллионнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдыққанын мәлімдеді, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ дәл осы індеттен 3 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттық үн парақшасында инфекцияны жұқтырушылар саны алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 7%-ға өсіп, өлім-жітім саны 53%-ға азайғаны көрсетілген.

Әлемде төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтыру және 3 132 кісі өлімі тіркелді. Төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де үлкен қауіп ретінде саналады. Қадағалау, есеп беру, коронавирус дертінің алдын алу, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарға жататындарға қайта вакциналау жүргізу өте маңызды, - деді ДДСҰ.

Берік Арманов
Бөлісу: