Әлемде бидай арзандады

23 Мамыр 2023, 08:19 1332

Әлемдік нарықтағы бидайдың бағасы түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Чикаго биржасында астықтың бір тоннасының бағасы 220 доллардан төмен түскен. Мамандардың айтуынша, мұндай оқиға соңғы екі жылда алғаш рет

Бұған себеп – «Астық келісімінің» тағы екі айға ұзартылуы, - дейді олар.

Сондай-ақ негізгі астық экспорттаушы елдердің бірі Ресейде биыл өнім бітік шығады деген болжам жасады.

Айта кетерлігі, жүгері мен сояның да бағасы түскен.

Берік Арманов
Бөлісу: