Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогында финалдық кезең аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ҰОК мәліметінше, әйелдер арасында Юлия Галышева 68.58 ұпаймен бесінші орын алды. Бірінші орынды австралиялық Энтони Джакара 82.74 ұпаймен жеңіп алды.
Ерлер арасында Павел Колмаков 72.53 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Бұл сында канадалық Микаэль Кингсбери 84.89 ұпаймен топ жарды.
9 наурыз күні параллельді могулдан жарыс өтеді.