30.11.2025
11:43
761
Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан спортшысы екі алтын медаль еншіледі

Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан спортшысы екі алтын медаль еншіледі

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шүмекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

1000 метр

Кристина Шүмекова
Аяно Секигучи (Жапония)
Ханна Мазур (Польша)

3000 метр

Кристина Шүмекова
Лике Хейзинк (Нидерланд)
Цзяминь Цзян (Қытай)

Айта кетейік, нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста Дарья Важенина қола медаль иеленді.