Бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогында ұлттық құрама мүшесі Елдана Тәліпова күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елдана Тәліпова +80 келінің финалында үндістандық Нупур Нупурмен кездескен болатын. Шешуші сында Елдана Тәліпова 5:0 есебімен үндістандық боксшыдан ұтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Надежда Рябец (75 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) екінші нәтиже көрсеткен болатын.