05.02.2024
19:48
1426
Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ел чемпионатының финалына шықты

Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ел чемпионатының финалына шықты

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан Астанада өтіп жатқан ел чемпионатында олимпиадалық салмақ дәрежесінде финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық белдесулерінде жеңіске жеткен әлем чемпионы финалда еркін күрестен белгілі балуан, тараздық Әлішер Ерғалимен өзара мықтыны анықтайды. Өз кезегінде Әлішер жартылай финалда жастар арасындағы әлем чемпионы Камиль Куруглиевтен басым түсті. 

Финалдық сында жеңіске жеткен балуан алда Бішкекте өтетін олимпиадалық іріктеу турнирінде белдеседі. 

Ал Ризабек Айтмұқан өткен жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында 92 келіде жеңімпаз атанған болатын. Ол еркін күрестен қазақ балуандары арасында дүниежүзілік біріншілікті ұтқан алғашқы балуан. Сондай-ақ, 1999 жылдан бері күрес түрлері бойынша Қазақстан балуандары арасында әлем чемпионатының алтынына қол жеткізген спортшы болып отыр. 

Бұған дейін грек-рим және әйелдер күресінен ел чемпиондарының есімі анықталды.