Әлем чемпионатында жеңілген Санатәлі Төлтаев жанкүйерлерден кешірім сұрады

4 Мамыр 2023, 18:00 1517

Ұлттық құрама сапында екінші боксшы әлем чемпионатынан шығып қалғанын бұған дейін жазғанбыз. Санатәлі Төлтаев көпшіліктен кешірім сұрап, жеңілістің себебін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) 1/16 айналымда Маврикий аралынан келген Ришарно Колинмен болған жекпе-жекте қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатын аяқтады.

Боксшының өзі бұл жеңілісі үшін кешірім сұрады.

Өкінішке қарай, ұтылып қалдым. Бокста жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Сондықтан жанкүйерлерден ұлттық құрамаға қолдау көрсетсеңіздер деп сұраймын. Жекпе-жекке келсек, қарсыласым өте тәжірибелі. Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында өнер көрсеткен. Бірінші раундта кеуде тұсымнан жарақат алдым, қазір ауруханаға барамын. Барымды салып бокстаса алмаған тәріздімін. Жанкүйерлерден кешірім сұраймын, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Спортты дамыту дирекциясы (@drs_kz)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: