Будвада (Черногория) жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына тағы бір алтын жүлде түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
51 салмақ дәрежесіндегі боксшы Бексұлтан Боранбек чемпион атанды. Отандық спортшы бұған дейін Зимбабве, Молдова, Ресей, Иран боксшыларынан басым түскен болатын. Ал финалда Джастин Мореноны (Колумбия) айқын басымдықпен жеңді. Есеп - 5:0.