Әлем чемпионатында қарағандылық өрт сөндірушілер қола медаль жеңіп алды

1 Қараша 2022, 18:33 1464

Жарысқа 17 елден 300-ге жуық спортшы қатысуда

27 қазан мен 1 қараша аралығында Үндістанда Нью-Делиде кәсіпқойлар арасында гір көтеруден әлем чемпионаты мен әлем кубогының кезеңі өтуде. Жарысқа 17 елден 300-ге жуық спортшы қатысуда, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлгі мәлімдеді.

Қазақстан құрамасы сапында Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкері, №11 өрт сөндіру бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Александр Комаров қатысуда.

78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Әлем кубогының 4-кезеңінің чемпионы атанып, әлем чемпионы атағы үшін табанды күресте екі гірді 75 рет көтеріп, жеке рекорд орнатып, қола медальға қол жеткізді.

Александр гір көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, студенттер арасында әлем чемпионы, кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы.

EL.KZ
Бөлісу: