Әлем чемпионатында палуандарымыз жүлдесіз қалды

Әлем чемпионатында палуандарымыз жүлдесіз қалды

Албанияның Тиран қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасының екі өкілі жүлде үшін таласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық жекпе-жекке 50 келіге дейінгі салмақта Лаура Ғаниқызы және 76 келіге дейінгі салмақта Алина Ертөстік жетті. Алайда екі балуан да мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.

Ғаниқызы жапониялық Уми Итодан 11:0 есебімен жеңілсе, Ертөстік те Нодоко Ямомотоға (Жапония) есе жіберді - 11:0.