Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының тізімі жарияланды

Бүгiн, 05:32 148

Бокстан Қазақстан командасының бапкерлік құрамы Будвадағы (Черногория) жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының тізімін жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлем біріншілігінде келесі спортшылар ел намысын қорғайды: 

- Диас Берікбай (48 келіге дейінгі салмақта)
- Бексұлтан Боранбек (51 келіге дейінгі салмақта)
- Бауыржан Мұратов (54 келіге дейінгі салмақта)
- Жансері Көшербаев (57 келіге дейінгі салмақта)
- Алексей Хаванцев (60 келіге дейінгі салмақта)
- Ахмет Үсенов (63,5 келіге дейінгі салмақта)
- Төрехан Сабырхан (67 келіге дейінгі салмақта)
- Өнер Сейілхан (71 келіге дейінгі салмақта)
- Санжарәлі Бегалиев ( 75 келіге дейінгі салмақта)
- Мадияр Бексұлтанов (80 келіге дейінгі салмақта)
- Бақытжан Айтмұханов (86 келіге дейінгі салмақта)
- Расул Асанханов (92 келіге дейінгі салмақта)
- Аслан Еділбайұлы (92 келіден жоғары салмақта)

Әлем чемпионаты 23 қазан мен 3 қараша аралығы өтеді.

Зарина Арман
Бөлісу: