15.10.2025
21:13
603
Әлем чемпионатына қатысатын 28 құрама анықталды

Әлем чемпионатына қатысатын 28 құрама анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына (ЧМ-2026) қатысатын 48 құраманың ішінен 28-і анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әзірге соңғы болып әлем біріншілігіне жолдама алған елдер – Сауд Арабиясы, Катар, Кот-д’Ивуар, Сенегал және Англия.

Қазіргі таңда әлем чемпионатына қатысу құқығын иеленген командалар тізімі төмендегідей:

Турнир иелері: АҚШ, Канада, Мексика.

Азия (AFC): Аустралия, Иран, Жапония, Иордания, Катар, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Өзбекстан.

Африка (CAF): Алжир, Мысыр, Кабо-Верде, Гана, Кот-д’Ивуар, Марокко, Сенегал, Орталық Африка Республикасы, Тунис.

Оңтүстік Америка (CONMEBOL): Аргентина, Бразилия, Колумбия, Эквадор, Парагвай, Уругвай.

Океания (OFC): Жаңа Зеландия.

Еуропа (UEFA): Англия.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына 48 ұлттық құрама қатысады. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында үш елде – АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.