12.09.2025
20:05
682
Әлем чемпионаты: Виктория Графеева қола жүлдегер атанды

Әлем чемпионаты: Виктория Графеева қола жүлдегер атанды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

ҰОК мәліметінше, отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті. Виктория бұл кезеңде бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша бразилиялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.