Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтіп жатқан үстел теннисінен командалық әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы алғаш рет плей-офф сатысына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, В тобында Қазақстан Сауд Арабиясы (3:0) мен АҚШ-тан (3:1) басым түсті. Англия (өткен әлем чемпионатының 1/8 финалисі) және Германиямен (өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері) болған аса тартысты ойында қарсыласқа есе жіберді (екі ойын 2:3 есебімен аяқталды). Осыған қармастан топта 2-орын алды. Егер Ұлттық құрама ширек финалға шықса, Париж Олимпиадасының лицензиясына ие болады.
Қазақстан құрамасы сапында сынға түсіп жатқандар – Кирилл Герасименко (7 жеңіс), Алан Құрманғалиев (1 жеңіс, 4 жеңіліс), Айдос Кенжеғұлов (1 жеңіс, 4 жеңіліс).
Плей-оффтағы алғашқы матчтар 21 ақпанда өтеді.
1/16 финал.
Қазақстан – Үндістан (С тобында 3-орын). 2022 жылғы әлем чемпионатында екі команда топтық кезеңде жолығып, Ұлттық құрама 2:3 есебімен жол берген.
1/8 финал.
Қазақстан/Үндістан – Оңтүстік Корея (өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері)
Бұған дейінгі көрсеткіштер:
2022 жыл — топтық кезеңде 4-орынмен аяқтады. Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасынан 3:0 есебімен басым түсіп, бірінші рет жеңіске қол жеткізді.
2018 жыл — 2 дивизион
2016 жыл — 3 дивизион
2014 жыл — 3 дивизион
2012 жыл — 4 дивизион